Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 3222 3 пікір 29 Қазан, 2021 сағат 16:50

Ерлан Карин: Президент тапсырмалары жүзеге асырылып жатыр

Қазірдің өзінде Президент Жолдауы жүзеге асырылып жатыр. Нәтижелері бар. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасындағы «Анығын айтқанда» бағдарламасында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин мәлім етті. 

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қариннің айтуынша Мемлекет басшысының халыққа жолдаған Жолдауында айтылған, берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында арнайы жалпы ұлттық жоспар қабылданады.

«Биылғы Жолдауды жүзеге асыру мақсатында жасалған бағдарламада 103 пункт бар. Осының өзі құжаттың қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді. Жолдаудың жарияланғанына көп уақыт өтпесе де, жүзеге асыру жұмыстар басталып кетті. Тіпті, белгілі нәтижиелер бар. Мысалы, Президент ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге көтеру туралы тапсырма берді. Осыған сәйкес, 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға тиісті өзгерістер дайындалып, Мәжілістегі жұмыс тобында жолданды. Жақында пленарлық отырыста қаралады», - деді Ерлан Карин.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысы ғылым саласын дамытуға қатысты бірқатар маңызды бастамалар көтергенін атап өтті.

«Осыған сәйкес, Білім және ғылым министрлігімен ғылым туралы заңға тиісті өзгерістер дайындалды. Атап айтқанда, жетекші ғалымдардың жалақысын базалық қаржыландыруға қосу және ғылыми зерттеумен айналысатын институтын қаржыландыру, гранттық жобаларды 3 жылдан 5жылға дейін ұлғайту сияқты жобалар қарастырылып жатыр», - деді ол.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2054