Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2130 0 пікір 13 Шілде, 2009 сағат 19:24

ҚР СІМ Ингушетияда қаза болған қазақстандық туралы ақпаратты тексеріп жатыр

Астана. 13 шілде. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бірқатар БАҚ таратқан Ингушетия аумағында өлтірілген содырдың азаматтығына қатысты ақпаратты тексеріп жатыр, деп мәлім етті СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

«Біз қазір ол адамның Қазақстан азаматы болып табылатынына қатысты ақпаратты тексеріп жатырмыз, өйткені оның құжаттары жалған болып шығуы мүмкін. Бұған қатысты бізге ресми ақпарат түскен жоқ», - деді ол дүйсенбі күні журналистерге.

Бұрын хабарланғандай, Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров жергілікті жердегі жасырын топты жою жөніндегі арнайы операцияға қатысты түсініктеме бере отырып, Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуровқа жасалған қастандыққа жауап ретінде жасалған соққы шеңберінде қаза болған содырлардың арасында Қазақстан азаматы болғанын хабарлаған еді.

«РБК» таратқан республика құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, Сунжен ауданында содырларды залалсыздандыру жөніндегі операция Шешенстан ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Жергілікті қылмыскерлердің жетекшісі Азамат Махаури жақында тұтқындалған оның ағасы «Ичкерияның қорғаныс министрі» Рустаман Махауридің ақпараты бойынша табылды. Азамат Махауриден басқа, тағы үш содыр өлтірілді. Р.Қадыровтың айтуынша, олардың біреуі – қазақстандық азамат.

Сонымен қатар, Шешенстан президенті милицияның алдағы міндеті содырлардың жетекшісі Дока Омаровтың көзін құрту болып табылатынын айтты.

Соңғы бір айда қылмыскерлер Ингушетия президенті Юнус-Бека Евкуровқа қастандықты ұйымдастырып, Шешенстан ІІМ қызметкерлерінің колоннасына шабуыл жасады. Ал  федералдық қызметтер Дока Омаровқа жақын содырлар мен қылмыскерлер топтарының жетекшілерін өлтірді.

Алайда Ингушетия президентіне қастандықты негізгі ұйымдастырушы – «Магас» лақап аты бар Магомед Евлоевтың қайда жасырынып жүргені әлі күнге дейін анықталмай отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450