Сенбі, 23 Қараша 2024
2382 0 пікір 23 Қараша, 2021 сағат 17:02

Өзбекстанға табиғи апаттар 3 млрд доллар шығын әкелген

Өзбекстанда жыл сайын табиғи апаттар орта есеппен 1,4 миллион адамға зардап келтіріп, шамамен 3 миллиард АҚШ долларына жуық шығын келтіреді.

Сарапшылардың пікірінше, ірі су тасқыны экономикаға ЖІӨ-нің шамамен 5% шығынын әкелуі мүмкін, ал құрғақшылық ауыр экономикалық зардаптарға әкеледі. Бұл ақпарат Ташкентте «Табиғи апаттарға ден қоюды күшейту арқылы климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру» тақырыбындағы кезекті дөңгелек үстел барысында айтылды.

Қатысушылар климаттың өзгеруіне бейімделуді жоспарлаудағы ағымдағы жай-күй мен ілгерілеуді, үкіметтің барлық секторлар бойынша төзімділікті арттыру жоспарларын, апат қаупіне дайындықты және оларды азайтуды, бейімделу мен табиғи апаттарға ден қоюға мемлекеттік инвестицияларды талқылады. Жасыл экономиканы құруда Өзбекстан үкіметіне қолдау көрсетуге арналған бірқатар стратегиялық диалогтар алаңы құрылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379