Сенбі, 23 Қараша 2024
3832 8 пікір 24 Қараша, 2021 сағат 11:40

Түркияда мыңдаған адам Ердоғанның биліктен кетуін талап етуде

Түрік лирасы құнсызданғаннан кейін Анкара мен Ыстамбұлда наразылық шаралары өтуде. Наразылыққа шығушылар "Әділет және даму" партиясы (АКП) мүшелерінің отставкаға кетуін талап етті.

Наразылық шерулері сейсенбі күні кешке басталып, ел астанасы мен Ыстамбұлдың әртүрлі аудандарында өтті. Анкарада полиция шерушілерге кедергі жасамақ болды. Ыстамбұлдың Куртулус ауданында Twitter желісінде жарияланған видеода полицияның көшені жауып, наразы топты тоқтатуға тырысқаны көрсетілген. Тағы бір видеода наразылық білдірушілердің «Үкімет – отставкаға!» деп ұрандағанын көруге болады.

Түрік лирасы екі жылда екі есе құнсызданған. 2020 жылы 1 лира 68 теңге болса, қазір ол 33 теңге көлемінде. Наразы халық Ердоғанның биліктен кетуі мен сайлау өткізуді талап етуде.

Abai.kz 

 

 

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381