Сейсенбі, 20 Қазан 2026
5489 76 пікір 30 Қараша, 2021 сағат 19:26

Қытай саясаты: Африкаға 1 млрд вакцина

Қытай үкіметі Африка елдеріне коронавирусқа қарсы қосымша 1 миллиард доза вакцина жеткізеді. Бұл туралы Қытай-Африка ынтымақтастығы форумы аясындағы министрлердің 8-ші кездесуінің ашылу салтанатында бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеген Қытай төрағасы Си Цзиньпин айтты.

«Африка Одағының 2022 жылға қарай континент тұрғындарының 60% коронавирусқа қарсы вакцинациялау мақсатына жету үшін Қытай Африкаға тағы 1 миллиард доза вакцинаны береді, оның 600 миллион дозасы қайырымдылыққа беріледі, ал 400 миллион дозасы медициналық көмек арқылы жеткізіледі. Қытай компаниялары мен Африканың тиісті елдері арасындағы бірлескен кәсіпорындар ашылады», - деді Си Цзиньпин.

ҚХР басшысының айтуынша, Қытай сонымен қатар Африка елдері үшін медицина және денсаулық сақтау саласында 10 жобаны жүзеге асырып, Африкаға 1500 медицина қызметкері мен денсаулық сақтау саласының сарапшыларын жібермекші.

Abai.kz

76 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1120
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1548