Бейсенбі, 20 Қаңтар 2022
Билік 1615 2 пікір 3 Желтоқсан, 2021 сағат 12:35

Нұрлан Ермекбаев Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды

Нұрлан Ермекбаев Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды.

Алматыда өткен кезектен тыс конференцияда Нұрлан Ермекбаев төралқа шешімімен қайтадан Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып сайланды. Ол бұл лауазымды 2018 жылдан бері басқарып келеді.

Өткен 2 жыл ішінде Қоян-қолтық ұрыс қауымдастықтары жүйелі жұмысымен көзге көрінді: еліміздің ірі қалаларында, облыс орталықтары мен ауылдарында балалар мен ересектерге арналған спорт залдары жұмысын тоқтатқан емес.

2021 жылы Мәскеуде өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогында қазақстандық команда сәтті өнер көрсетіп, 4 алтын, 2 күміс және 6 қола медальды қоржынға салды.

Қауымдастық сондай-ақ 2023 жылғы Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде армиялық қоян-қолтық ұрыс белсенді дамып келеді.

Сарбаздардың физикалық дайындығын күшейту мақсатында оқу бағдарламасына қоян-қолтық ұрыстың базалық дайындығы енгізілді. Сол жылы Ермекбаев келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, офицерлер ғана емес, мерзімді қызметтегі барлық сарбаздардың да қоян-қолтық ұрыстың базалық дағдыларын меңгеруін талап етті.

Бұл арқылы сарбаздар кез-келген жағдайда өздерін қорғап қалумен қатарқауіптің бетін қайтара алатын күшке ие болады.

Abai.kz

2 пікір