Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3397 0 пікір 27 Шілде, 2012 сағат 17:20

Асылнұр Орынбек ОҚО: Кәсіпкерлердің оң жамбасына келетін оңтайлы ұсыныс

«Бизнестiң жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020»  бағдарламалары Оңтүстiк Қазақстан облысында қаншалықты жүзеге асып жатыр? Қандай кемшiлiктер мен кедергiлер бар? Осы мәселелердi талқылау үшiн  Шымкентке   Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң Кәсiпкерлiктi дамыту комитетi төрағасының орынбасары Бақытжан Сәркеев арнайы келдi. Онымен «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ-да өткiзiлген кездесуге  кәсiпкерлер, аудан басшылары және  банк өкiлдерi қатысты.

«Бизнестiң жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020»  бағдарламалары Оңтүстiк Қазақстан облысында қаншалықты жүзеге асып жатыр? Қандай кемшiлiктер мен кедергiлер бар? Осы мәселелердi талқылау үшiн  Шымкентке   Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң Кәсiпкерлiктi дамыту комитетi төрағасының орынбасары Бақытжан Сәркеев арнайы келдi. Онымен «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ-да өткiзiлген кездесуге  кәсiпкерлер, аудан басшылары және  банк өкiлдерi қатысты.

Бiр кездерi еуропалықтарға қарап, несие пайызының аздығына тамсанатын уақыт өттi. Несиенi 3-5 пайызбен алу кәсiпкерлерге арман болатын. Банктерден 11 пайызбен несие алып, шығындалғаны белгiлi. Тiптi бүгiнгi күнге дейiн  алған ақшасын қайтарумен келе жатқан кәсiпкер азаматтар жоқ емес. Ал «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша  бизнес ашуға қолайлы жағдайлар жасалынуда. Бiрiншiден, несие пайызы аз, екiншiден, кепiл ретiнде мемлекет өзiн қояды.  Қысқаша айтқанда, кәсiпкерлерге  мемлекет қолдау жасап отыр. Тек ұмтылыс болса жеткiлiктi. Бұл бағдарламаның аудандарда да қолжетiмдi болуы тиiс екендiгiн облыс әкiмiнiң орынбасары   С. Тұяқбаев айтып өттi.  Оның пiкiрiнше, ауыл кәсiпкерлерi бұл бағдарлама туралы  естiмеген немесе қызығушылық танытпай отыр. Ал «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы екi жарым жылдан берi  жүзеге асып келедi. Әр жарты жыл сайын  толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлуде. Мұның барлығы да кәсiпкерлердiң пайдасы үшiн жасалынған.

Елiмiзде кәсiпкерлiктi дамыту және кәсiпкерлерге жағдай жасау  маңызды. Неғұрлым қолынан iс келетiн кәсiпкерлердiң  қатарын арттыру қажет.  «Мысалы, Германияда жергiлiктi халықтың 50 пайызы кәсiпкерлiкпен айналысады. Ал Оңтүстiк Корея тұрғындарының   80 пайызы шағын және орта бизнестi игерген. Бiздiң де мақсатымыз осы. Олардың жұмысына кедергi  келтiрмеу керек. Әртүрлi органдар тарапынан  жасалынатын тексерулердi азайтып жатырмыз. Аудандардағы кәсiпкерлiк бөлiмдерiнiң  мамандары осы бағдарлама туралы көбiрек ақпарат берсе екен»,-дейдi Бақытжан Сәркеев.

Биыл 39 жоба бойынша субсидия алуға келiсiм жасалды. Үстiмiздегi жылы грант жобасы да енгiзiлдi. Кез келген кәсiпкер  үш миллион теңгеге дейiн  несие алуға мүмкiндiгi бар. Тек ұтымды ұсыныс болып, оны облыстық комиссия алдында  қорғап шықса болғаны.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273