Сенбі, 23 Қараша 2024
4238 4 пікір 7 Желтоқсан, 2021 сағат 12:48

Жер сілкінісінен 385 мың адам көз жұмады

Алматы қаласы әкімдігі мәліметінше, қалада алапат жер сілкінісі болған жағдайда 385 мыңға жуық адам қаза болуы мүмкін, барлық ғимараттың 30 пайызы қирайды. Бұл туралы әкімнің орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Abai.kz.

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Дүйсенбай Тұрғанов Алматыдағы жер сілкінісі қаупі туралы мәселені көтерді.

"Мамандардың бағалауынша, Алматыда сейсмологтар үнемі ескертетін жойқын жер сілкінісі болған жағдайда орны толмас шығын шамамен 400 мың адамға жетеді, ғимараттардың 60 пайызына дейін қирайды, ал тікелей шығын шамамен 200 миллиард теңге болады", - деді мәжілісмен

Серік Құсайынов депутат пікірімен келісіп, болжамды нақтылады.

"Жиі жер сілкінісі жағдайында ғимараттардың тұрақтылығын талдаудың есептік деректерін зерделей келе, Алматыда 7-8 балдық күшті дүмпу болса, барлық ғимараттың шамамен, 30 пайызы қирауы мүмкін. Халықтың жалпы шығыны 370 мыңнан 385 мың адамға дейін болады, ақшалай шығын 2 триллион 479 миллиард теңгеге жетуі мүмкін", - деді Құсайынов.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345