Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5279 1 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 11:48

Ақшамыз Яндекс арқылы Ресейге кетіп жатыр

Қазір Яндекс пен DiDi-де өзбек пен тәжік таксисттер көбейіп кетті ғой. Қарап жатпай соларды зерттеп тастадым. Примерно былай екен. Астанада 3 өзбек бірігіп екі машинаны жалға алады. Күнделікті әр машинамен 40 заказ орындайды. Адам басына 26-27 заказдан. Сосын таксопарктен кемінде 44 000 ақша алады. Жалға алған машинасына күніне 10 мыңнан төлейді. Табыс 88 000. Шығын бензин, тамақ және көліктің күндік арендасы. Таза адам басына күніне 15-20 мыңнан қалады. Машина бұзылса иесіне беріп басқа машина ала салады. Проблема жоқ. Бұрыңғыдай ауыр жұмыс істемейді. Қаланы білмейді. Картамен жүре береді. Ақша үшін бәрінде Каспи ашып қойған.

Кімдікі дұрыс екенін білмеймін. Біздің қазекемнің көбісі күніне 26 заказды жасамайды. 10 мың тапса үйіне қайтады. Сырттан келген таксисттер бізге турист ретінде келеді. Олардың мұнда жұмыс істеуге рұқсаты жоқ. Рұқсат алу үшін мемлекетке салық төлеу керек. Бірақ миграционныйға 100 доллар көрсетсен олар көздерін жұма салады. Сол миграционныйдың парақорлығы себебінен мемлекетке адам басына кемінде 450 000 теңге салық төленбейді. Миграционный бұны менен жақсы біледі. Таксисттерге ақша төлесен каспиге аудара сал деп ең бірінші салық төлемейтіндер осылар. Бұның зиян жері сіз бен біздің ақшамыз алдымен Ресейге Яндекс пен Индрайвер арқылы кетеді. Didi арқылы Қытайға, заңсыз жұмыс істейтін өзбек пен тәжіктер үшін Өзбекстан мен Тәжікстанға кетеді.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301