Сенбі, 23 Қараша 2024
3329 10 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 15:55

Ұлттық банк: халық несиесі кешірілмейді

Ұлттық банк «несие кешіріледі» деген ақпаратты терістеді.

«Кредиттік амнистия жасалады» деген сарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Қажет кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Қазақстан Ұлттық Банкінің Байланыс орталығына хабарласуға болады» деп жауап берді Ұлттық Банк.

Кеше ғана Мәжіліс депутаты Азамат Әбілбаев ел тұрғындарының өтемеген 199 млрд теңгелік берешегін кешіру туралы талап еткен. Оның айтуынша, халықтың банк алдындағы қарызы көбейіп барады. Бүгінгі күні тұрғындардың ипотекалық берешегі 2,7 трлн теңгеге жетсе, тұтынушылық мақсатта алынған несиелер 5,19 трлн теңгенң құрайды. Халықтың 27 пайызының банкке қарызы бар. Өтелу мерзімі өтіп кеткен қарыз сомасы 199 млрд теңгеге жетті.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395