Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздіктің берген басты сыйы
Еуразияның жүрегіндегі иен дала сахарада Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. 19 миллионнан аса халқы бар, экономикасы өркендеген, тұрғындарының өмір сүру сапасы артқан ел өз бастауын сонау 1991 жылдан алады.
«Қазақстанның гүлденуі мен оның өркендеуі жолында, тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бар күшімді саламын деп уәде беремін». Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы президенттік сайлауалды бағдарламасында сөйлеген сөзі. Ел Тәуелсіздігіне қол жетпес бұрын берілген уәде расымен орындалды.
30 жылда Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарынан көрінді. Экономика жаңа белеске шықты. Өндіріс қуат алып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Білім саласы қанатын кеңге жайды. Өнер, мәдениет, әлеумет, спорт – барлық сала құлашын кеңге жайды.
Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздіктің берген басты сыйы. Еңселі елорданың өсуі мен қалада атқарылған мың шаруа мұның айқын дәлелі. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы белсенді, талантты және жігерлі жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тартымды қала. Қазақстанның астанасы – еліміздің басты білім беру мен ғылыми алаңы. Сондай-ақ білім, ғылым және инновациялық өңірдің орталығы болуға талпынады.
Abai.kz