Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Билік 3400 0 пікір 13 Желтоқсан, 2021 сағат 15:08

Елорда әкімдігі алаяқтардан сақтануды ескертеді

Егер сізге банктің қауіпсіздік қызметінің маманы қоңырау шалып, қауіпсіздік қызметін ұсынып және банк картаңыздың жеке деректерін сұраса ешқандай ақпарат бермеңіз. Бұған сенбеңіз! Себебі ол – интернет алаяқтары.

Егер сатушы өзге қалада болса, kolesa.kz немесе әлеуметтік желідегі инстаграм арқылы тапсырыс бергенде алдын-ала төлем жасамаңыз. Тауардың бейнесін шолу жасауды сұраңыз немесе таныстарыңызға тауарды барып көріп келуді өтініңіз. Егер сіз хабарларды Olx хабарландыру сайты арқылы сатсаңыз және сізбен байланысқа бөгде адамдар хабарласып, сатып алушы сілтемені басу арқылы тапсырысты ресми түрде курер арқылы жіберуді ұсынса, мұндай ақпаратқа сенбеңіз! Себебі Olx хабарландыру сайтында жеткізу жүйесі жоқ. Бұлар – интернет алаяқтары.

Интернетте ақша-қаражаттарды жылжыту бойынша күмәнді жобалардан және спорттық сайыстардан, нақты болжамдар жасайтын күмәнді әрекеттерден бас тартыңыз. Барлық жағдайларда интернет алаяқтары сіздің ақшаңызды иеленеді.

Өзіңізге және мүлкіңізге мұқият болыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 764
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 729