Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 3541 0 пікір 20 Желтоқсан, 2021 сағат 15:14

Пиротехникалық заттарды қолдану ережелері

Жаңа жылдық мерекенің қарсаңында жыл сайын балалардың көпшілігі пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан жарақат алады. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі халықты қауіпсіздік техникасының стандартты нормаларын сақтауға шақырады:

1. Күмәнді сатушылардан пиротехниканы сатып алмаңыз.

2. Балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз.

3. Қаптамадағы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Өнімдегі нұсқаулықты мұхият оқып шығуға ешқашан жалықпаңыз. Есіңізде болсын, тіпті таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін.

4. Пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта сақтаңыз. Білтені созылған қолдың қашықтығында тұтату керек. Жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады. Көруге келген көрермендер пиротехникалық бұйымды қолдану барысында көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, кемінде 20 метр қашықтықта болуы тиіс.

5. Есте сақтаңыз, жабық үй-жайда пиротехниканы мүлдем пайдалануға болмайды.

Сақ болыңыз! Мерекелік көңіл күй мен қатар, баланыңыздың денсаулығын сақтаңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525