Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3591 0 пікір 30 Желтоқсан, 2021 сағат 19:36

Қазақстан темір жолында қауіпсіздік рейдтері өтеді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік полициясы және әскерилендірілген темір жол күзеті қызметкерлерімен бірлесіп темір жолдағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер жүргізуде. Бақылау мектеп демалысы мен мереке күндері күшейтіледі.

- Бұндай алдын алу шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз азаматтарға темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ екенін, қауіпсіздік шараларын сақтамау жазатайым оқиғаларға әкеп соқтырарын тағы да түсіндіреміз. Өкінішке қарай, біздің бірлесе қабылдаған күш-жігерімізге қарамастан, адамдар арнайы жабдықталған өткелдер мен көпірлерді елемей, рұқсат етілмеген жерлерде темір жолдарын кесіп өтуді, вагондардың астымен жүруді жалғастыруда. Егер үлкендердің өздері немқұрайды қарап, жаман үлгі көрсетсе, балалар туралы не айтуға болады, - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ қауіпсіздік жөніндегі директоры Марат Шәкенов. Ол әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатайтып, тәртіп бұзушылар үшін айыппұлды көбейту қажет деп есептейді. Бүгінгі күні белгіленбеген орындарда теміржол арқылы өткені үшін айыппұл 3 АЕК құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
press@railways.kz
8 (7172) 604285

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036