Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
5423 2 пікір 3 Қаңтар, 2022 сағат 16:21

Демография: посткеңестік елдерде Тәжікстан алда

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 30 жыл ішінде халық санының ең жоғары өсімі Тәжікстанда тіркелді.  Дүниежүзілік банк деректері Тәжікстан халқының саны 76,6 пайызға өскенін атап өтті.

Орталық Азия елдерінің ішінде Өзбекстан (+ 63,4%), Түркіменстан (+ 59,2%) және Қырғызстан (+ 47,7%) халқы қарқынды өскен.  Қазақстан (+ 14%) халқының өсуі баяу саналса, Әзірбайжан (+ 40%) халқы айтарлықтай көбейген.

Бала туу деңгейі ең төмен Балтық жағалауы елдері болып тұр. Тәуелсіздік алғаннан бері халқының 28,3%-ын жоғалтқан Латвия, Литва (-24,5%) елдерінде демографиялық ахуал қиындаған.

Олардан кейін осы кезеңде халқының 23,2%-ын жоғалтқан Грузия, Украина (-20%), Армения (-15,5%), Эстония (-14,7%), Молдова (-12%), Беларусь (-7,8%) және Ресей (-2,9%) елдері тұр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1123
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1554