Жұма, 22 Қараша 2024
2024 0 пікір 3 Қаңтар, 2022 сағат 16:31

Тоқаев Си Цзиньпинді құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хатын жолдады. 

Мемлекет басшысы екі елдің тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде әлемдік деңгейдегі үлгілі мемлекетаралық қатынас қалыптастырғанын атап өтті.

"Бұған менің 2019 жылы еліңізге жасаған сапарым барысында ынтымақтастығымызды мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптeстікке көтеру туралы жариялағанымыз дәлел. Бұл тарихи шешіміміз тату көршілік, өзара сенім мен қолдауға негізделген тең құқылы қатынастар құру бағытындағы екі жақты күш-жігеріміздің шарықтау шыңы болды. Атап айтқанда, ортақ шекарамызға қатысты барлық мәселелердің түйіні тарқап, бүгінде ол достық пен бірлік көпіріне айналды. Осы ретте, Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өзендерге қатысты келіссөздерді жуық арада аяқтау мемлекетаралық ықпалдастық жылнамасының тағы бір жарқын беті болары анық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттеріміз арасындағы өзара түсіністік рухындағы саяси ахуалдың сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттағы қарқынды ынтымақтастығымыздың кепілі екенін айтты. Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қытай халқына мол ырыс пен құт-береке тіледі.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290