Жұма, 4 Қыркүйек 2026
5510 5 пікір 3 Қаңтар, 2022 сағат 18:52

Ноғаев халық алдына енді шықты

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездесті. 

Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша газға баға белгілеуге қатысты үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарау жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылғанын, олар газдың бағасын реттеу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруға ниетті екенін айтты.

Әкім өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында газдың литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендетуге белсенді шешім қабылдағанын айтты.

"Баға дәліздерін құру және жанармай бағасының алыпсатарлық өсуіне жол бермеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылданады. Жанармай құю бекеттерінің иелеріне қатысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексеруді бастады", - деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі жиналғандарды мәселелерді заңды жолмен, сындарлы диалог арқылы шешуге шақырды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 822
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 554
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 534