Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Билік 2216 0 пікір 4 Қаңтар, 2022 сағат 15:03

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға байланысты облыстық қоғамдық комиссия құрылды

Қадірлі маңғыстаулықтар!

Сұйытылған газ бағасының Маңғыстауда күрт өсуіне байланысты халық наразылығын білдіруде.

Ел өзінің уәжін билікке жеткізіп,талаптарының орындалуын сұрауда. Бұл, дұрыс деп есептейміз.

Осы мәселеге байланысты Маңғыстаудың бірнеше азаматтары қоғамдық штаб ұйымдастырды.

Штаб мүшелері осы ауылдың өзіміз танитын жігіттерінен құралып отыр.

Әлеуметтік желілерден және тікелей телефонымызға Маңғыстаудың азаматтары шығып  осы іске араласуды сұрауда.

Елдің бірлігі,халықтың тыныштығы, Маңғыстаудың амандығы барлығымыздың ортақ абыройымыз, ағайын!

Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты - елдің талабын үкімет комиссиясына жеткізіп,сұйытылған мұнай-газ мәселесін шешуге атсалысу.

Біз,осыған жұмыстанамыз!

Жаңбыршин Еділ - ҚР Парламент мәжілісінің депутаты,

Мусабаев Самат - ҚР Парламент мәжілісінің депутаты,

Өрісбаев Аббат- Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты,

Сүгірбай Аят- Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты,

Ерсайынұлы Уәйс - Ақтау қалалық мәслихатының депутаты,

Бимағамбет Әнуар - ақын, журналист,

Алмас Алтай - журналист.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1958
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4793
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3960