Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Билік 4840 6 пікір 5 Қаңтар, 2022 сағат 07:59

Үкімет отставкаға кетті

Елдегі болып жатқан толқу мен наразылық акцияларына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Президент келесі шешімдерді қабылдады:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 910
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2359
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 617
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594