Жексенбі, 3 Мамыр 2026
3564 2 пікір 11 Қаңтар, 2022 сағат 12:12

ҰҚШҰ әскері екі күннен кейін шығарыла бастайды

ҰҚШҰ сарбаздары Қазақстаннан екі күннен кейін елдеріне қайтарыла бастайды. Бұл туралы президент Тоқаев Мәжіліс отырысында айтты.

"Тұтастай алғанда, жіті фаза контртеррористік операция өткізілді. Барлық өңірдегі жағдай тұрақты. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ сарбаздары елдеріне қайтарылады. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды", - деді Президент.

ҰҚШҰ әскері президент сұрауы бойынша елімізге кіргізілген болатын. Жалпы жиынтығы 2030 ҰҚШҰ сарбазы Қазақстанға келді.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1226
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 957