Сейсенбі, 17 Мамыр 2022
1148 1 пікір 20 Қаңтар, 2022 сағат 13:05

Дарын Тұяқов қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Дарын Тұяқов қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. "Мемлекет басшысының өкімімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген жарлықта.

Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесін, 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын, 2014 жылы РФ Президенті жанындағы РХШМҚА тәмамдаған. Мамандығы бойынша заңгер-құқықтанушы.

Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған.

Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, "Қазақтелеком" АҚ-да жұмыс істеген.

Тағайындалғанға дейін "Қазақтелеком" АҚ бас директоры - аппарат басшысы лауазымын атқарған.

"Астананың 10 жылдығы", "ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдарымен марапатталған. Саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін "Үздік Байланысшы" құрметті атағын иеленген.

Abai.kz

1 пікір