Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5999 23 пікір 25 Қаңтар, 2022 сағат 12:56

Құдекең де қызметімен қош айтысты

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Берік Имашев Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясын 2016 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келген.

Оған дейін ҚР Әділет министрі болды. Сенатта депутат болды. Президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесінде де қызмет етіп көрді. Бір жылдары Президентке көмекшілік жасағаны тағы бар. Былтыр, 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс залының президиумынан депутаттардың антын дәл осы Берік Имашев қабылдап алған еді. Салық полициясының полковнигі деген атағы мен ҚР Бессайыс фкедерациясының президенті, ҚР Ат спорты федерациясының президенті деген атақтары тағы бар.

Осыған дейін оның ұлы Әлжан Имашев та «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасарлығы қызметінен алынған еді. Енді әкесі – Берік Имашев та қызметімен қош айтысыпты. Енді ҚР Орталық сайлау комиссиясын Нұрлан Әбдіров деген экс-депутат басқаратын болады.

Айта кетейік, Берік Имашев Назарбаев әулетінің құдасы. Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің қайын атасы.

Елде болған соңғы оқиғалардан кейін экс-президенттің бірқатар туысқаны өздерінің лауазымды қызметтерінен алынды. Мысалы, 15 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаевтың екі бірдей күйеу баласы - «ҚазТрансОйл» АҚ төрағасы Димаш Досанов пен «ҚазТрансГаз» АҚ төрағасы Қайрат Шәріпбаевтар қызметінен алынса, 17 қаңтар күні кіші қыз Дирана Назарбаеваның күйеуі Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төрағалығын тапсырып берді. Сол күні Назарбаевтың бауырының баласы Самат Әбіш те ҰҚК төрағасының орынбасарлығынан алынды.

Қазіргі уақытта Назарбаевтың жақын туыстарынан биліктегі қызметінде қалған Дариға Назарбаева. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Дариға Назарбаева қазір коронавируспен ауырып жатыр екен.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351