Сенбі, 23 Қараша 2024
2992 13 пікір 25 Қаңтар, 2022 сағат 15:49

Депутаттар "Нұр-Отаннан" кетіп жатыр

Семей қалалық мәслихатының 5 депутаты бір күнде қызметінен кетті.

24 қаңтарда Семей қалалық мәслихатының депутатттары Айдос Қисаменов пен Дулат Қажмұханбет әлеуметтік желідегі парақшаларында «басшылыққа сенімінің жоғалғанынан партиядан шыққанын» жариялаған.

Дулат Қажмұханбет «Өкінішке орай, «қала басшылығына да, "Nur Otan" партиясының аймақтық басшылығы болып табылатын облыс басшылығына да өз көзқарасы бар тәуелсіз мәслихат депутаттары керек емес. Облыс әкімі Даниял Ахметовтың бұйрығын дер кезінде орындайтын, тілалғыштар керек. Өз көзқарасын білдіргені үшін қуғындап, қорқытып, құқығын таптап, ашықтан-ашық күресіп, партиядан шығаруға тырысты»,- деп жазды бұрынғы депутат. Ол «қаңтардың қанды оқиғасы кезінде «Nur Otan» басшылығы ешқандай қимылсыз отырғанын» айтады.

Әріптесі Айдос Қисаменов те  қаңтар оқиғасы кезінде «Nur Otan» партиясының еш әрекетсіз отырғанын және қаралы қырғын туралы бірде-бір рет талқыламағандарын айтады.

«Мен депутаттық институттат әбден көңілім қалды. Осындай маңызды сәтте партия филиалының әрекетсіздігінен көңілім қалды, сайлаушылардың сенімі біржола жоғалды! Ескі шіріген іргетаста жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес!», деп жазған ол.

Екі депутат партиядан өз еріктерімен шықты. Сонымен қатар Қайрат Смағұлов депутаттық мандатынан бас тарқан. Рафаил Хазипов, Бауыржан Қайрамбаев азаптауға қарсы шыққаны үшін «Nur Otan» партиясы құрамынан шығарылды.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351