Сенбі, 24 Қазан 2026
3411 2 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 12:47

Алексей Навальный террористер тізіміне енгізілді

Ресейде оппозициялық саясаткер Алексей Навальный террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді.

Тізімге сонымен бірге саясаткердің жақтастары мен үзеңгілес әріптестері атап айтқанда, Жемқорлықпен күрес қорының заңгері Любовь Соболь, қор қызметкерлері Георгий Албуров пен Руслан Шаведдинов, штабтың Уфадағы бұрынғы үйлестірушісі Лилия Чанышева, штабтың Иркутскідегі бөлімшесінің бұрынғы үйлестірушісі Захар Сарапулов та қосылған.

Былтыр қыркүйек соңында тергеу комитеті Навальныйға қылмыстық іс қозғап, "экстремистік ұйым құрды және жетекшілік етті" (282.1-бап, 1-бөлігі ) деп айып таққан. Бұл іске саясаткерлер Леонид Волков пен Иван Жданов та тартылған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1189
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1647