Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2772 6 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 17:31

"Хабар" агенттігі Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильмнің алғашқы көрсетілімін өткізді

Бүгін, 26 қаңтар күні, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Хабар» Агенттігі қасіретті қаңтар оқиғасы туралы «Трагический январь. Как это было» атты деректі фильмнің алғашқы көрсетілімін өткізді. Кинокөрсетілім бір минут үнсіздікпен басталды. Іс-шара қатысушылары тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қанды оқиға құрбандарын еске алды. Алғашқы көрсетілім барысында сарапшылар фильм туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Кинотуынды 26 қаңтар күні сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан көрерменге жол тартады.

«Бұл өзім үшін өте маңызды әрі өте қажет фильм. Өйткені туынды аралық нәтижелерді көрсетіп берді. Мен Алматыда болған оқиғаларды өз көзіммен көрдім, қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні алаңда болдым. Фильмнің оқиғаның «қалай болғанын» емес, «неге болғанын» ашатын екінші бөлімін күтемін. Менің ойымша, оқиғалар желісін халыққа егжей-тегжейлі баяндаған «Хабар» Агенттігі қаңтардың басында біздің елде болған қайғылы оқиғаның шынайы тарихын көруге мүмкіндік бере алды», - деді журналист Денис Кривошеев.

«Фильм бізге ресми жаңалықтардың негізді екенін аңғартады. Оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын көрсетеді. Туынды Алматы және басқа қалаларда орын алған жағдай туралы алғашқы күндері алған ақпараттың растығын дәлелдейді», - деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Никита Шаталов.

Айтулы туынды оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен аяқталуы туралы баяндайтын деректі кадрлардың үзінділерінен тұрады. Жаңа жылдан кейін елімізде орын алған жағдайды суреттейтін деректі фильмінің сюжеттік желісі оқиғаларының толық хронологиясына негізделген. Фильм қаңтар оқиғасының бір тізбек арқылы байланысқан, бір орталықтан үйлестірілген террористердің әрекеті екенін аңғартады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297