Жұма, 22 Қараша 2024
2946 3 пікір 1 Ақпан, 2022 сағат 11:00

Түркия Қазақстанға ұшқышсыз аппараттар береді

Түркия Қазақстанға ұшқышсыз аппараттар жеткізбек. Бұл туралы TUSAŞ компаниясының бас директоры Темель Котиль хабарлаған.

«Түрік аэроғарыш компаниясы –   Türk Havacılık ve Uzay Sanayii AŞ (TUSAŞ) бірнеше айдың ішінде  Anka ұшқышсыз аппараттарын Қазақстанға жеткізеді», –  Темель Котиль.

Қаңтар оқиғасынан кейін жаңа қорғаныс министрін тағайындаған кезде президент Тоқаев қару-жарақтың ескіргенін айтқан еді.

«Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет», – деген еді президент.

Президенттің «Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс» деген тапсырмасына сәйкес Түркиядан жаңа заманауи ұшқышсыз аппараттар сатып алынуы мүмкін. Бірақ қорғаныс министрлігінде Түркиядан ұшқышсыз аппараттар алынатыны жайлы ресми сөз әлі айтылған жоқ.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282