Сенбі, 23 Қараша 2024
Дидар-ғайып 3412 6 пікір 7 Ақпан, 2022 сағат 16:53

Әбдіжәміл аға принципшіл еді...

Әбдіжәміл аға осы індеттің алдында Алматы санаториінде демалды. Смағұл Елубай құрдасым қасында екен. Мен барып сәлем бердім. Біраз сөйлестік. «Абайды жазыпсың, оқыдым», деп бір қойды.

«Ал сен белгілі экономистсің қашан мына кризистен шығамыз», деп сұрады, пікір алыстық. Билікке көңілінің толмағанын айта келе, «дұрыс айтып отырсың, жазыпта жүрсің осыны неге істемейді», деді. Мен жаңа шыққан «Қоғам дерті» деген кітабымды бердім. Кейін Смағұл құрдасым жазып жіберді, «маған аға түнімен сенің кітабыңды оқытты, бір шайға қарыздарсың», деп.

Әбдіжәміл аға көптің алдына шығарда мұхият ізденетін, керек болса жазып, дайындалып баратын. Экспромтом сөйлемейтін, сөз қадірін терең бағалайтын еді. 1991 ж. Елбасы бастаған делегация бірінші рет Англияға барып қайттық, өте жауапты кезең. Мәскеуде премьер-министр С.Терещенко күн суық, жаурап траптан күтіп алды. Сол кезде Мәскеуде бір үлкен кездесуге бардық. Әбдіжәміл аға, егемендігіміз, тарихымыз туралы өте мазмұнды сөздер айтты, мұхият жазып алған!

Әбдіжәміл аға принципшіл еді, өмірге деген сыни көз қарасы терең болатын. Сол себетен де «Батыр атағы» көптен кейінірек, халқы әлдеқашан мойындаған соң, ләж жоқтан берілді ғой деп ойлаймын. Бәрі мойындайтын, қаймығатын.

Мен тағы бір өте принципшіл, нағыз «государственник» «Макиевелли айтпақшы» заңғар тұлғамыз, шынайы өміріндегі берілмеген «Батыр» атағына нағыз лайық, академик Салық Зимановқа жақынырақ болдым. Салық аға әр уақытта Әбдіжәміл ағаны мысал келтіретіп отыратын. «Әбекең біздің заңғар жазушы», деп.

Әбдіжәміл аға 100 жасқа жақындап  екі формацияның биігінде болған азамат. Советтік Социализмде аты Алты Алаш пен СССР-ге, шетелдерге тараған, ал Капитализмде, нарықтық экономиканы жақсылап сынаған, руханиятты жырлаған заңғар жазушы Әбдіжәміл Нұрпейсов ағамыз өмірден озды .

Жатқан жеріңіз жарық, иманыңыз саламат болсын Абыз аға! Бүкіл халқыңыз Сізге шексіз риза, мұраңызды жалғастырып, Қазақ елін Абай сүйреген, М. Әуезов Абайды әлемге шығарған, Сіз алға тартқан биігіне шығарып, өркениетті елдер қатарына қосатын заман да алыс емес. Біз жастарға сенеміз!

Оразалы Сәбден,

Академик

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345