Сенбі, 23 Қараша 2024
2154 1 пікір 9 Ақпан, 2022 сағат 16:46

Қырғызстан АЭС салуға қарсы қол жинай бастады

Қырғызстанда экологиялық ұйымдардың мүшелері мен белсенділер өлкеде Атом электр станциясын (АЭС) құруға қарсы қол жинай бастады. Онлайн петицияны 60-тан астам адам қолдады. 

Белсенділер АЭС-ке шикізат қайдан келетіні, қалдықтар қайда жиналатыны, залалсыздандыру қалай болатыны, қауіпсіздік мәселесі қалай болатыны жөнінде бірде-бір мәлімет жоқ екенін білдірді.

20 қаңтарда Дубайда өткен ЭКСПО-2020 көрмесі аясында Қырғызстанның энергетика министрлігі Ресейдің "Росатом" корпорациясы мен Қырғызстанда АЭС салу туралы келісімге қол қойылғанын жеткізген. Оған сәйкес, Қырғызстанда RITM-200N реакторлық станция базасында аз қуатты атом электр станциясын құру жоспарланған.

Министрлік 21 қаңтарда мәлімет беріп, заңдар, көп тарапты экспертизалар, экологиялық қауіпсіздік жағдайлар еске алынып ғана АЭС салу шешімі қабылдануы мүмкін екенін хабарлаған.

Climate Action Network атты климат өзгеруіне бағытталған ұйымның Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Ольга Бойко осыған дейін Қазақстанда АЭС салу жобасын сынға алған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408