Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1983 3 пікір 10 Ақпан, 2022 сағат 13:39

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы не істейді?

Күні кеше ғана Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топ құрылатынын жария етті.

Қаңтар оқиғасы бәріміз үшін үлкен сабақ болуы керек екенін атап өтіп, оның алғышарттары – қоғам мен биліктің шынайы тазаруы, ақиқаттың ашық айтылуы, қателіктердің мойындалуы, мемлекеттік аппарат пен құрылымдардың олигополия өкілдері мен жемқорлардан тазартылуы болып отыр дегенді айтты.

Сонымен, бұл құрылған «Жаңа Қазақстан» қандай топ? Олардың мақсат-міндеттері не? Бұл сұрақтарға бүгін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жауап беріпті.

Айдос Сарым:

- Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының құрылуы себебі, оның шарты туралы айтуға рұқсат етіңіздер. Өздеріңіз білесіздер, кеше Мәжілістің жалпы отырысында әріптесіміз Еділ Жаңбыршин мәлімдемемізді жариялаған болатын. Қазір ол кісі Үкіметте Жаңаөзен мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Біздің басты мақсатымыз - қаңтар трагедиясынан кейінгі еліміздегі шынайы реформаларды қолдау.

Біріншіден - Президент бастаған елді жаңғыртатын бастамаларды қолдап, оларды саботажға, тоқтауға, соңына ысыруға жол бермеу.

Екіншіден кез келген үлкен саяси реформалар заң шығарушы және өкілетті органнан басталуы керек. Біздің түпкілікті мақсатымыз - Мәжілістің жұмысын жаңа жолға, жаңа арнаға бұру. Оның ішінде Мәжілістің ашықтығы, белсенді әңгіме көтеріп, оны қозғауы да бар. Бұл үлкен мәселенің бірі.

Бұл өзіміздің қолымызда тұрған нәрсе. Елімізде жүргізіп жатқан бюджеттік бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істеп, талаптарды күшейтеміз. Жақында Преидент наурыз айында үлкен саяси реформалардың жарияланатындығын айтты. Соған белсене атсалысамыз. Елдегі реформалардың дұрыс жүргізілуін, оның шын мәнінде қоғамның, халықтың талабынан шығуын назарда ұстап, оның белсенді субъектісіне айналамыз. Үшіншіден, аймақтағы өкілетті органдардың жұмысын жандандыру қажет. Қоғамдық кеңестерге, мәслихаттарға өзгерістер керек. Оларға жақсы үлгі көрсету керек деп ойлаймыз. Осы тұрғыда да еңбек етеміз.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407