Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2469 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 19:39

Жезқазғанда адам өлтіргені үшін 16 жыл халықаралық іздеуде жүрген Солтүстік Осетиялық Ресей азаматы ұсталды

Қарағанды. 14 шілде. ҚазТАГ– Жезқазған қаласының полицейлері жалған құжатпен 16 жыл жасырын Қазақстанда тұрып жатқан қылмыскерді ұстады.

Облыстың ІІД-нен хабарлағандай, Солтүстік Осетияда тұратын Ресей азаматы 1993 жылы 3-ші маусымда өзінің танысын Владикавказ қаласында маңдайынан тапаншамен атып өлтірген. Оқиға орнынан жасырынып үлгерген. Сол кезден бастап халықаралық іздеуде болған. 

Жақында Жезқазған полициясына Расковой көшесінде жалған атпен тұрып жатқан қылмыскер туралы оперативті ақпарат түскен.

Учаскелік инспектор бұл азамат Жезқазғанда 1997 жылдан бері тұрып жатқанын, үйленгенін, бес баласы барлығын, тұйық жасырын өмір сүріп жүргенін анықтайды. Оперативті ақпаратты тексеру барысында Солтүстік Осетияның ішкі істер органдарымен іздестіріліп жүрген және көп баланың әкесі де бір тұлға екені анықталған.

Тергеу анықтағандай, 1993 жылы адам өлтірген ол Қазақстанға келіп үйленген. Екі жылдан соң оның туыстары оған жалған құжаттар салып жіберген де, ол осы уақыттың барлығында сол жалған құжатпен өмір сүрген.

Қазір қылмыскер изоляторға жатқызылды. Қала прокуроры енді оны жасаған қылмысы бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып, жауапкершілікке тарту үшін отанына қайтару мәселесін қарастырып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5380