Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3479 4 пікір 11 Ақпан, 2022 сағат 15:50

Зәулім-зәулім сарайға құмар болған қыз-күйеу...

Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы Германиядағы құны 100 миллион еуро тұратын мүліктің иелері болып саналады. Бұл туралы Германияның «deutsche welle» медиа орталығы зерттеуінде жариялады.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев Германияда жалпы құны €100 млн астам элиталық жылжымайтын мүліктің төрт объектісіне иелік етеді, деп хабарлайды Deutsche Welle (DW).

Құлыбаевтардың активтерінің ішінде Зеело сарайы бар екен.

Бұл сарай XIX ғасырда өмір сүрген орыс дипломаты әрі құпия кеңесшісі Михаил Хрептовичтің жазғы демалыс орны болған. Басылымның мәліметінше, отбасы тағы да екі тарихи мұраны иеленіп отыр.

Олар: әйгілі сәулетші Густав Штроның вилласы мен Бюлерхёе хан сарайы және тағы бір қонақ үй. DW бағалауынша, тек Зеело сарайын сатып алу және жөндеу жұмыстарына 60 млн еуро жұмалған. Неміс компаниялары реестріндегі құжаттарда көрсетілгендей Зеело сарайы тиесілі Schloss Seelach Invest компаниясының жарғылық капиталы да дәл осындай сомаға көбейген.

Басылымның хабарлауынша әлі күнге дейін Құлыбаевтың өзі не Назарбаев отбасынан бірде-бір адам сарайға келмеген.

Немістің компаниялар реестрінде тіркелген Зеело сарайы тиесілі Schloss Seelach Invest компаниясының құрылтайшысы - Verus Praedium International қазақстандық компаниясы. Бұл компанияға Алматыдағы «Кипрос» компаниясы иелік етеді. Ашық реестрдегі тізімге сәйкес, Тимур Құлыбаев Schloss Seelach Invest GmbH компаниясының бенефициары болып саналады.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар Германияда қазақстандық Mercury Properties арқылы иелік ететін тағы бір Bühlerhöhe Castle Invest GmbH компаниясының түпкі бенефициарлары болып табылады. Бұл компанияға екі қонақүй тиесілі. Бірі жоғарыда айтылған тарихи мұра болып саналатын Бюлерхёе хан сарайы.

Құлыбаевтардың екі бірдей қонақ үйі орналасқан қаланың әкімі Губерт Шнур «отбасы қонақ үйлерді жаңалалауға соқыр тиын да шығарған жоқ», - дейді.

Сонымен қараңыз:

1) Зеело сарайы

Бұл сарай Баден-Баден курорттық қалашықта орналасқан. XIX ғасырда бұл сарай кімге тиесілі болғанын жоғарыда айттық.

2) Баден-Бадендегі вила

Оны жиырмасыншы ғасырдың басында белгілі архитектор Густав Штро салыпты.

3) Бюлерхёе отель-сарай

Айтпақшы, жуырда «Energy Monitor» Telegram арнасы Қазақстандағы ең ауқатты 5 адамның бірі саналатын, экс-президент Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың қандай компанияларда үлесі бар екенін зерттеп жазыпты.

«Кompra.kz сараптамасы Тимур Құлыбаев 5 негізгі компания арқылы әртүрлі компанияларға үлескер болып отырғанын көрсеткен. Олар:

- КИПРОС;

- Steppe Capital Pte ltd;

- Joint Resources;

- Joint Technologies;

- АЛМЭКС.

Аталған Telegram арнасы мұнай тақырыбына бейімделгендіктен, Құлыбаевтың аталған саладағы үлестеріне көбірек көңіл бөлінген.

Тимыр Құлыбаев Каспий-Мұнайдың 100% акциясына иелік етеді екен. Бұл компания жылына 900 мың тонна мұнай өндіреді. Компания 2020 жылы әр өндірілген мұнайдың тоннасына 44 мың теңгеден салық төлепті.

Міне, солай. Айта кетейік, 17 қаңтар күні Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеген еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439