Қазақстан «латифундистерінің» тізімі
Белгілі саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан өзінің Facebook желісіндегі парақшасында «Қазақстан латифундистерінің тізімі» деген атпен ірі жер иеленушілер саналатын 25 серіктестің (ЖШС) тізімін жариялады.
«Міне, ашық кадастрдың арқасы. Әзірге холдингтер жоқ. Қарапайымдарынан бастаймыз. 100 мың және одан да көп гектарлаған жерлер тіркелген компанияларды жариялаймыз. Әзірге холдингтер жоқ, бірақ ол бағытты жұмыс істеп жатырмыз.
«Латифундист» сөзін теріс мағынасында түсінбеңіз. Біз үшін бұл – ірі жер иеленушісі. Және тіркелген аумақты (область) көрсеттік. Бірақ, серіктестіктің жері тіпті басқа өңірде немесе өңірлерде болуы мүмкін. Егер кім-кімді ұмыт қалдырсақ, жазыңыздар. Тізімге қосып қоямыз», - деп жазды Мұхтар Болатханұлы.
Сонымен, Мұхтар Тайжан ұсынған тізім мынадай екен:
1. «СЕНЕК» ЖШС, Маңғыстау облысы. Жайылым жер – 1,9 млн га;
2. «QAZAQ STEPPE SHEEP» ЖШС, Қарағанды облысы. Жайылым жер – 1 млн га;
3. «ЖАҢА-ТАН» ЖШС, Атырау облысы. Жайылым жер – 270 мың га;
4. «АГРОФИРМА КЗЫЛТУ – НАН» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы. Жайылым жер – 95 мың га. Егістік жер – 143 мың га;
5. «ТАУШЫҚ» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ЖШС, Маңғыстау облысы. Жайылым жер – 213 мың га;
6. «АЛТЫНСАРИНО» ЖШС, Қостанай облысы. Жайылым жер – 58 мың га. Егістік жер – 148 мың га;
7. «КАРАГАНТУБЕК» ЖШС, Маңғыстау облысы. Жайылым жер – 199 мың га. Егістік жер – 155 га;
8. «ЕВРАЗИЯ-ИНВЕСТ» ЖШС, Қостанай облысы. Жайылым жер – 188 мың га;
9. «АЛТЫН-ӘСЕЛ» ЖШС, Ақтөбе облысы. Жайылым жер – 180 мың га. Шабындық жер – 700 га;
10. «ПЛЕМЕННОЙ ЗАВОД «ЖЕНИС» ЖШС, Қарағанды облысы. Жайылым жер – 165 мың га. Шабындық жер – 50 га;
11. «ПЛЕМЗАВОД КАЛБАТАУ» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы. Жайылым жер – 135 мың га. Егістік жер – 9,8 мың га. Шабындық жер – 1,9 мың га;
12. «Ақжар Өндіріс» ЖШС, Павлодар облысы. Жайылым жер – 128 мың га. Егістік жер – 7 мың га. Шабындық жер – 3 мың га;
13. «Миялытау» ЖШС, Ақтөбе облысы. Жайылым жер – 129 мың га. Егістік жер – 7 мың га;
14. «Суюндукский овцеплемзавод» ЖШС, Атырау облысы. Жайылым жер – 134 мың га;
15. «Бірлік мал зауыты» ЖШС, Батыс Қазақстан облысы. Жайылым жер – 118 га. Шабындық жер – 6,5 мың га;
16. «Журавлевка-1» ЖШС, Ақмола облысы. Жайылым жер – 21 мың га. Егістік жер – 100 мың га. Шабындық жер – 2 мың га. Көпжылдық егіндік – 30 га;
17. «АБС ЖАРКОЛЬ» ЖШС, Қостаанй облысы. Жайылым жер – 99 мың га. Егістік жер – 21 мың га. Шабындық жер – 2 мың га;
18. «ТАЙБУРЫЛ» ШҚ, Ақтөбе облысы. Жайылым жер – 122 мың га;
19. «АСКОП» ЖШС, Ақмола облысы. Жайылым жер – 1,5 мың га. Егістік жер – 120 мың га;
20. «Ряжское» ЖШС, Қостанай облысы. Жайылым жер – 9 мың га. Егістік жер -104 мың га;
21. «Агрофирма Диевская» ЖШС, Қостанай облысы. Жайылым жер – 46 мың га. Егістік жер – 66 мың га;
22. «Отқанжар» ЖШС, Қарағанды облысы. Жайылым жер – 98,6 мың га. Егістік жер – 8,3 мың га. Шабындық жер – 4,5 мың га;
23. «Жана - Жол» ЖШС, Ақмола облысы. Жайылым жер – 68 мың га. Егістік жер – 40 мың га;
24. «Арыстан-ПК» ЖШС, Қостанай облысы. Жайылым жер – 21 мың га. Егістік жер – 83 мың га;
25. «Тока KZ» ЖШС, Қарағанды облысы. Жайылым жер – 99,4 мың га.
Ескерту: Аталған тізімді жасарда Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (АИС ГЗК), Qoldau.kz жер кадастрындағы ашық деректер, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің мәліметтері, ҚР Жоғарғы Сотының «Сот кабитені» базасы және өзге де БАҚ-та жарияланған ашық мәліметтер қолданылған.
Abai.kz