Сенбі, 23 Қараша 2024
Саңлақ 2424 0 пікір 14 Ақпан, 2022 сағат 15:29

Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

13 ақпан күнгі нәтиже:

Биатлон:

Олимпиада ойындарында әйелдер арасында 10 шақырымға созылған із қуу жарысында Галина Вишневская-Шепоренко 52-сатыға тұрақтады. Қазақстандық спортшы жарыс барысында төрт мәрте қателесті.

Әйелдер арасындағы із қуу жарысының жеңімпазы норвегиялық Марте Ольсбу Ройзелланд болды. Күміс жүлде швед спортшысы Эльвира Обергтің еншісінде, қола жүлде тағы бір норвегиялық Тирилл Экхоффке бұйырды. Айта кетейік Ройзелланд үшін бұл Бейжің Олимпиадасының үшінші алтыны. Осыған дейін норвегиялық спортшы аралас эстафета мен 7,5 шақырымдық спринт жарысында топ жарған болатын.

Ерлер арасында 12,5 шақырымдық із қуу жарысында Александр Мухин 8 рет қателесіп, жарысты 58-орында аяқтадыОлимпиада чемпионы француз Квентин Маллье, күміс жүлде норвегиялық Тарьей Бё, қола жүлде Эдуард Латыпов (РОК)

Фристайл-акробатика:

Бүгінге жоспарланған әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді.

Шорт-трек:

500 метр қашықтықта жарыстың ширек финалына 3 спортшымыз жолдама алды. Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов 1-топта өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Әділ 5 спортшының арасынан 4-орын алып, жарыс жолын аяқтаса, Денис В финалына дейін жетіп, жарысты 10-орында аяқтады. Жарысқа қатысқан Абзал Әжіғалиев А финалына дейін жетіп, 4-орынға тұрақтады.

Жарыс жеңімпазы: венгриялық Лю Шаоан, күміс жүлде Константин Ивлиев, (РОК) қола жүлде Стивен Дюбуа (Канада)

Конькимен жүгіру:

Бұл спорт түрінен жарыс жолына Екатерина Айдова шықты. 500 метр қашықтықта өнер көрсеткен Айдова 38,54 нәтижесін көрсетіп, 20-орын алды. Енді спортшымыз Надежда Морозовамен бірге 17 ақпан күні 1000 метр қашықтықта бақ сынайды.

Олимпиада чемпионы: Эрин Джексон (АҚШ)

Күміс жүлде: Михо Такаги (Жапония)

Қола жүлде: Ангелина Голикова (РОК)

Дереккөзі. Қазспорт арнасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364