Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2619 1 пікір 15 Ақпан, 2022 сағат 16:00

Сенат Ресеймен әскери келісімдерді қарамақ

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда 2022 жылдың 17 ақпанына жоспарланған Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылатын мәселелер қаралды, - деп хабарлады Палатаның баспасөз қызметі.

Алда болатын Сенат отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігіне) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылайды.

Бұл хаттама одаққа мүше елдердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға және Еуразиялық экономикалық одақта адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық кеңістік қалыптастыруға арналған.  Сондай-ақ Палата отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылды.

Аталған шарт Қазақстан мен Ресейдің әскери саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған. Яғни, мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскерлер қолдануды жоспарлау, өңірлік сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, жауынгерлік дайындық, әскери саладағы білім мен ғылым, бітімгершілік қызмет салаларында ынтымақтастықты дамытуды қамтиды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475