Алматыда рэкетирлер кепілге алған әйелді босату үшін $20 мың талап етті
Алматы. 14 шілде. ҚазТАГ – Сәнді киім сататын алматылық бутиктердің бірінің директорының туған қарындасын кепілге алған үш қаскүнем $20 мың ақша талап еткен. Алматы ІІД жедел басқару орталығында өткен дүйсенбі күні тіркелген бұл оқиға туралы агенттікке қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әйелдің ұрланғаны туралы полицияға зардап шегушінің ағасы хабарлаған, қарындасы оның ұялы телефонына хабарласып, қылмыскерлер нұсқаған жерге ақша алып келуін сұраған.
Бұл оқиға арнаулы мақсаттағы бөлімше мен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің қатысуынсыз шешімін тапты. ІІД ұрланған әйелді босату бойынша операцияға әзірленіп жатқанда, әйел байлаулы күйде қамауда ұсталған көп қабатты үйлердің біріндегі пәтер орналасқан Сәтпаев және Розыбакиев көшелерінің қиылысына екі патруль және учаскелік инспектор келген. Қиылыста күдіктіге көзі түскен патруль одан құжаттарын көрсетуін сұраған, күдікті қаша жөнелген.

Ол қолға түскен соң Алматы облысы Қарабұлақ ауданы Сарыөзек елді мекенінен келген Алматының «Думан» ықшам ауданында тұрып жатқан 27 жастағы жұмыссыздың шынымен де кәсіпкер әйелді ұрлауға қатысы болғаны анықталды. «Ол әйел қамалған үйдің мекен-жайын айтып берген. Ол жерден байлаулы жатқан әйел табылды. Сол пәтерде қаскүнемдер кәсіпкерді қорқытқан оғы жоқ «Иж» газ тапаншасы, екі қолғап пен бетперде табылды», – дейді департаменттегілер.
Жауап беру кезінде күдікті бұл қылмыстық оқиғаға оны осыдан бір ай бұрын өзіне аз таныс оңтүстікқазақстандық азамат тартқанын айтты. Олар тұрғын үй сатып алушыларға қатысты қарақшылық шабуыл мен ақша бопсалаумен айналысуды ұсынған. «Бұл үшін олар Алматыда пәтер жалға алған. Алайда алғашқы әрекеттерінде-ақ ұсталды», – деп атап көрсетті ІІД өкілдері. Қылмыскерлер БАҚ-тағы хабарландыру бойынша пәтер іздеп жүрген әйел оларға бірден ақшамен келеді деп үміттенген, өйткені ол телефон арқылы әңгімеде пәтер сатып алуға ниеттенген.
Бой тасалап үлгерген екі рэкетирдің тұлғасы анықталды. Олар жақында ұсталады, дейді ІІД өкілдері.