Сенбі, 23 Қараша 2024
2399 1 пікір 24 Ақпан, 2022 сағат 13:05

Мәсімовтың тағы орынбасары қамауға алынды

ҰҚК 23 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтің сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады. Ол "лауазымын асыра пайдаланды" деген күдікпен 22 ақпанда ұсталған.

Елдегі Қаңтар оқиғаларынан соң ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов және оның екі орынбасары Дәулет Ерғожин мен Әнуар Садықұлов қамауға алынған. Оларға билікті күштеп басып алу, қызметін асыра пайдалану және мемлекетке опасыздық жасау баптарымен қылмыстық іс қозғалған.

Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын серіктерінің бірі Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағалығына 2016 жылы келген. Ерғожин, Садықұлов, Өсіпов оның орынбасары болып 2016 жылы тағайындалған.

Мәсімовтің бірінші орынбасары қызметін Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш атқарып келген еді. Ол да қаңтардағы қырғыннан соң қызметтен кетті.

Билік Қаңтар оқиғасын мемлекеттік төңкеріс деп атаған. Бірақ төңкерісті кім жасамақ болғанын нақты ашып айтпады. Ресми дерек бойынша, Қаңтар қырғыныында 227 адам қаза болып, жүздеген адам қамауға алынды. Қазір 2,7 мың қылмыстық іс қозғалған. Ондаған адамның түрмеде азапталғаны да айтылды. Бас прокуратураның дерегінше, түрмедегі азаптау кезінде алты адам қаза тапқан.

Сарапшылар жыл басындағы қанды оқиғаны Назарбаев пен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасындағылардың элитааралық қақтығыс деген. Ақорда мен Назарбаев элитааралық жанжалды жоққа шығарған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340