Тараз – тарихымыздың темірқазығы
Тараз... «Сәттілік тілеймін, серілер» комедиясындағы Василий Алибабаевичтің «Хочу в Джамбул, там тепло, там моя мама» деген фразасы талай адамның осы қалаға деген қызығушылығын арттырған-ды. Бірақ, осы бірауыз сөз Тараздың бағын ашты десек, тағы қателесеміз. Себебі, Жамбыл, Мирзоян, Әулиеата деп қанша рет түрленсе де, осыдан 2000-2500 жыл бұрынғы тарихын топырақ қыртысына тұмшалап келген Тараз қашанда тарихымыздың темірқазығы болып келеді. Бұл жай сөз тіркесі емес, Елбасы аузынан шыққан афоризм. Қазіргі таңда Тараз – Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, 350 мыңдай адам қоныс тепкен өндірістік-мәдени ошақ. Мұнда ортағасырлық дәуірдің жауһарлары Айша-бибі, Қарахан баба, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелерімен қатар қазіргі заманғы қола, гранит секілді материалдардан тұрғызылған Бәйдібек баба, М.Дулати, Ы.Дүкенұлы, Б.Момышұлы секілді ардақты аталарымыздың ескерткіштері де тұр.
Суреттерді түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЕВ