Украинадағы Қазақстан елшілігі үндеу жасады
Қазақстанның Киевтегі елшілігі қазақстандық азаматтарды эвакуациялауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі біздің азаматтарды эвакуациялауды қамтамасыз етуде. Украинада жүрген Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының Елшілігіне Киев қ., Ильенко көшесі, 26 үй мекенжайы бойынша, сондай-ақ сенім телефондары арқылы +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58, хабарласа алады», - деп жазды ҚР СІМ.
Сондай-ақ, министрлік қазақстандықтардың Харьков (консулдық округ Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольськая, Хмельницькая, Черновецкая и Львовская области), Одесса (Николаев, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасының құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алатынын айтты.
«Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде +7 (7172) 72-06-06 телефоны арқылы азаматтарымызға жүгіну үшін сенім телефоны ашылды», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Украинадағы құрметті консулдарының байланыстарын жариялады:
Қазақстан Республикасының Днепрдегі Құрметті консулдығы
Құрметті консул: Медяник Инна Сергеевна.
Консулдық округ: Днепропетровск облысы.
Мекен-жайы: 49000, Украина, Днепр, Дмитрий Яворницкий даңғылы, 22.
Телефон: +38 (098) 222-94-37.
Электрондық поштасы: consul.kz.dp@gmail.com
Львов қаласындағы Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы
Құрметті консул: Маслюк Галина Дмитриевна.
Консулдық округі: Львов, Закарпатский, Ивано-Франковск, Черновцы, Тернополь, Хмельницкий, Ровно және Волынск облыстары.
Мекен-жайы: 79016, Украина, Львов, көш. Жабық, 3/1.
Телефон: +38 (032) 240-36-70.
Электрондық поштасы: consul@kazconsul.com.ua
Одессадағы Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы
Құрметті консул: Сергей Александрович Продаевич.
Консулдық округ: Одесса, Николаев және Херсон облыстары.
Мекен-жайы: 65007, Украина, Одесса, көш. Пантелеймоновская, 101/11.
Телефон: +38 (094) 949-27-52.
Электрондық пошта: consulkzod@gmail.com
Харьков қаласындағы Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы
Құрметті консул: Наджафли Эмин Муса оглы.
Консулдық округ: Харьков, Полтава және Сумы облыстары.
Мекен-жайы: 61052, Украина, Харьков, көш. Полтава жолы, 7.
Телефон: +38 (067) 190-77-77.
Электрондық поштасы: consul.kz.kh@gmail.com
Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинада арнайы әскери операция жүргізу, сол арқылы оған соғыс жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Украина әскерилерінің айтуынша, шабуылға Беларусь те қатысуда. Украинаға басып кіру оның ресейлік теледидарда сөйлеген сөзі аяқталмай тұрып-ақ, басталды.
Шабуыл теңізден, құрлықтан және әуеден жүзеге асырылады. Украинада әскери жағдай енгізілді. Қазақстанда Украинадағы соғысқа байланысты әуе жолаушыларына сенім телефоны іске қосылды. Сонымен қатар, қазақстандық әуе компанияларына Украинаның үстінен ұшуға тыйым салынды. Сондай-ақ Ресей Украинамен шекаралас қарулы қақтығыстар аймағындағы барлық елдерге әуе кеңістігін жабуды ұсынды.
Abai.kz