Бейсенбі, 21 Қараша 2024
Арылу 6689 29 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 17:12

ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығу үшін петиция жарияланды

Жуырда «egov.press» порталында «Қазақстанның ҰҚШҰ мен ЕАЭО құрамынан шығуын» талап еткен арнайы петиция жарияланыпты.

Оның мәтінінде:

«Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО құрамынан шығуын және Ресеймен екіарадағы барлық интеграциялық процесстерді тоқтатуын талап етеміз. Ресеймен ара-қатынасымыз түбегейлі үзілуі қаупі болса да, Ресеймен тек дипломатиялық және экономикалық алшақтықты сақтау керек. Өйтпеген жағдайда, Ресей секілді біздің елімізді де оқшаулау саясаты күтіп тұр.

Сонымен қатар, екіарадағы тренспорттық мүлікті жоғары кедендік рәсімдеу мәселесі бар. Соның ішінде алғашқы тіркелім мен заңсыз утилалым мәселесі де өзекті. Бұл ЕАЭО мүддесі үшін жасалып жатыр», - деп жазылған.

Аталған петицияға қазірдің өзінде 5 мыңнан аса адам қол қойып, 200-ден аса пікір жазылыпты.

ЕАЭО-ға кіретін Қазақстан, Ресей, Белорусь, Армения мен Қырғызстан әлемдік қауымдастықтың экономикалық санкциясына ұшырап жатыр. Оның салқынын Қазақстан қазірдің өзінде сезінуде. Ресей жағының «Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерінің біріне санкция салынған жағдайда одақ мүшелерінің бірлескен жауап шараларын қолданатыны» жайлы айтуы, Еуро одақтың санкциясына қарсы Қазақстанды да бірлесіп қарсы тұруға шақыруы барып тұрған арандату. Бұл Ресей тарапынан онсыз да экономикасы құлдырап, қалт-құлт етіп отырған Қазақстанды саяси соғыс алаңына тарту.

Сөздәлел: ЕАЭО тек қана бір Ресейдің мүддесіне қызмет ететін ұйым. «Ортақ парламент», «ортақ валюта енгізу», «СБЕР цифрлы бағдарламасы» сияқты бастамалары және бәсекеге қабілеті төмен басқа елдерді де одаққа қосуға тырысуы Ресейдің одақта экономикалық емес, саяси мүддесі басым екенін көрсетеді.

Мәселен Қазақстан 2015-2020 жылдардың ішінде ЕАЭО аясындағы саудадан 44 млрд доллар жоғалтқан. Бұл шамамен 2020 жылғы жалпы ішкі өнімнің (180 млрд доллар) төрттен бір бөлігі деген сөз.

Қағаз жүзінде Еуразиялық экономикалық одақтан бес елдің кез келгені қалаған уақытында шыға алады. Ресми хабар түскеннен кейін 12 ай ішінде бұл процесс толық аяқталуға тиіс. Ол туралы ЕАЭО туралы шарттың 118-бабында одақтан шыққысы келген мемлекет «осы одақ аясында аталмыш елдің қатысуымен туындаған қаржылық міндеттемелерді реттеуге міндетті» екені жазылған.

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1430
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3195
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5087