Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3134 6 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 14:54

Ребрендинг - жауапкершіліктен қашу болмасын!

"Нұр Отан" партиясы "Аманат" болыпты. Солай болсын, ол партияның өз еркі.

Бірақ, партия басындағылар бір нәрсені түсіну керек: ребрендинг жасап алып, 30 жыл елді басыбайлы басқарып келген партия өзі ізбасар боп отырған "Нұр Отанның" осы уақыттағы қызметіне, соның ішінде, экономиканың ат төбеліндей бір топтың қолында кеткеніне, елдің кедейленуіне, саяси оппозицияны қудалануына, Жаңаөзен мен Қаңтар қанды қырғынына жауапкершіліктен құтыламыз деу - саяси қателік!

Жаңа Қазақстан құрғысы келетін партия ескі күнәлары мен кінәларынан арылсын!

Сол кезең үшін елден кешірім сұрасын! Өйткені, сол партия басында отырғандардың бәрі дерлік сол қиянаттарға моральдық тұрғыдан қатысы бар кешегі "Нұр Отанның" атқамінерлері!

Ескі қателіктерден арылмай, Жаңа Қазақстан құру мүмкін емес!

Әміржан Қосан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572