Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3005 0 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 14:59

Қазақстанның мемлекеттік дамуына екі көзқарас

1.Шетелдік. Олар Қазақстандағы кез келген жаңалықты, оқиғаны, іс шараны, үлкен кіші өндірісті жетістік деп санайды. Яғни, "шетелдік" көзқарас нақты әрекет пен іс қимылды негізге алады.

2. Отандық. Қазақстандықтар өз еліндегі әрбір оқиғаға, жаңалыққа, іс шараға, үлкен кіші өндіріске Қазақстанның барлық байлығының потенциады мүмкіндігі тұрғысынан қарайды.

Сондықтан, Қазақстанға деген көзқараста "шетелдік" және "қазақстандық" деген айырмашылық пайда болады. Оның мәнісі өте терең. Мысалы, осының арқасында

1. "Шетелдіктер" Қазақстанды белгілі бір табысқа жеткен, мүмкіндігі мол ел ретінде санаса,

2. Қазақстандықтар өз Отанын "Өзінің потенциалды қуаты - табиғи байлығы мен адам капиталы мүмкіндіктері тұрғысында бағалап, осы тұрғыда, Қазақстан өзінің потенциалды мүмкіндіктерін іске қоса алмауының арқасында қуатты мемлекетке айнала алмаған, оны құру мүмкіндігінен қолдан жіберіп алған, сол себепті әлі де мемлекеттік қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің тұрақтылығын толық қамтамасыз ете алмаған мемлекеттер қатарына жатқызады.

Осы мәселеден, енді принципиалды екі мәселе туындайды:

1. Шетелдіктердің бағалауы бойынша, қазақстандықтар өз мемлекетіне риза болып, "жетістіктерінің" жемісін жеп, тып тыныш жата берулеріне болатын біршама "бақытты" халықтар қатарына жатады. Ендеше, бұл елдегі кез келген наразылық толқулар шетелдіктердің санасында түсінбеушілік тудырады...

2. Қазақстандықтардың бағалауы бойынша, Қазақстан, егер, халықтың мүддесіне сай әділ саясат болғанда, онда қазақ халқы өзінің табиғи байлық қуаты жағынан өте зор мемлекетте және қазіргі жағдайынан көш ілгері бақытты өмір сүре алуға қол жеткізер еді. Бірақ олай болмады. Сондықтан, қазақ халқы аянбай күресуі керек, халық жерінің табиғи мүмкіндігіне сай бақытты өмірге қол жеткізуі керек деп ашық күресуін жалғастыра береді..., тыныштық таппайды.

Осыдан келіп, енді елдегі саяси жүйені бағалауды екі түрлі критерийлері пайда болады:

1. Шетелдіктер "жетістікке жеткен" дей отырып, елдегі орын алған авторитарлыққа негізделген олигаполиялық саяси экономикалық жүйеге көз жұма қарайды, оны жанама түрде ақтайды.

2. Қазақстандықтар болса, орын алған авторитаризм мен олигаполияны (162 адамнан тұратын) елдегі барлық бақытсыздықтың, кедейліктің басты себепкерлері санайды да, оларды кіналайды, оны жоюды талап етеді.

Міне, бүгінде Қазақстан халқы осындай екіұдайы көзқарас өтінде тұр: Шетелдіктер олардың талабына бас шұлғиды, бірақ, түпкілікті себептерін сараптауға бас ауыртпайды... Нәтижесінде, Қазақстан тек шикізатқа тәуелді, ол таусылса басқа шарасы жоқ әлсіз мемлекет қатарында қала бермек...
Олар сыртқа сатылатын шикізат бойынша бізді "мықты мемлекет" санаса, Қазақстандықтар, керісінше, өз мемлекетін еш өндірісі дамымаған, мемлекеттік қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілмеген әлсіз мемлекетпіз деп санап, осыған қатты алаңдайды... Тіптен, осыдан қауіптенеді! Бұл өте ауыр психологиялық жағдай...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572