Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2965 0 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 17:18

Тағы 124 қазақстандық Польшадан елге ұшып шықты

1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 361 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР сыртқы саяси ведомствосы таратқан мәліметке сәйкес, Польшадағы біздің елшілік азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша жағындағы шекарада тәулік бойы дипломаттар кезекшілігін ұйымдастырған.

Air Astana әуе компаниясының екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шықты.

Атырауға техникалық қону қажеттілігінен кейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетеді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Катовице қаласында ҚР азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтару жұмысын жалғастырып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2528
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661