Жексенбі, 2 Ақпан 2025
Өзекті 3203 15 пікір 3 Наурыз, 2022 сағат 12:48

Вице-министр: Біз Украинаны да, Ресейді де қолдамаймыз!

«Біз Ресейді де, Украинаны да жақтамаймыз», - депті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.

«Украина мен Ресей арасындағы соғыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Біз екі тарапты да жақтамаймыз», - депті вице-министр Сұлтан Камалетдинов.

Осыған дейін, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телфон арқылы сөйлескен еді. Бұл сөйлесуге Украина тарабы бастамашы болғанын Ақорда хабарлаған. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасқан.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті», - деп хабарлады Ақорда сайты.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар