Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5454 15 пікір 7 Наурыз, 2022 сағат 12:20

Қазақстан ТМД-да ең мықты мемлекетке айналуы мүмкін

Жағдай жаман емес. Суверенді рейтинг өз орнында қалды және енді теңге керісінше күшейетін болады. Жалпы біздің болашағымыз мықты.
Кеше мен бүгін өте жақсы екі сигнал алдық. Басында уайымдап жүргенмін, ал енді алаңдамай ұйықтауға болады.

Бірінші сигнал Ұлыбританиядан келді. Олар санкция салу туралы жоспардың жоқтығын айтты. Бұл жерде Лондонның бүкіл Батыстың атынан сөйлеп тұрғанын ескеру керек. Демек, біздің елдігіміздің басты қатері - санкцияның іргесі аулақ. Тек өзіміз ештеңе бүлдіріп алмауымыз тиіс.

Екінші сигнал да майдай жақты. S&P Қазақстанның суверенді рейтингін растады және "ВВВ- тұрақты" деңгейінде қалдырды. Демек, инвестициялық рейтингіміз өте жақсы және бізге деген халықаралық инвесторлардың сенімі жоғары болады. Одан бөлек, S&P болжамы бойынша жаз айларынан бастап біздің теңге қайтадан күшеюі тиіс. Экономикамыз биыл 3,6 пайызға өседі. Инфляция 5 пайызға төмендейді.

Бұл тұрғыда бізге релокация бойынша үлкен перспективалар ашылып отыр. Ол - Ресейден кеткен өндірістік брендтерді бізге тартып алу. Тойота, Ниссан, Danone, IT индустрия, тб. Оларды тез бізге келтіру үшін ашық нарық пен толық демократияға бет бұрғанымызды көрсету керек. Бізде МФЦА-да британ правосы жұмыс істейді, сонымен бірге айтылып жүрген азаптау оқиғаларын барынша қатаң зерттеп, халықаралық қауымдастықты енді ондай жағдай қайталанбайды деп сендіру аса қажет.
Мысалы, егер Тоyota Camry Қазақстанда жиналатын болса, біздің экономиканы ештеңе де тоқтата алмайды.

Осы уақытта Ресейдің экономикасы мен армиясы әбден тоқырайтын болса, 2-3 жылдың ішінде біз ЕАЭС аясында Ресей мен Беларуське толық экономикалық диктат жүргізіп, оларды экономикалық жағынан өзімізге бағынышты елдерге айналдыра аламыз.

Ресей ІЖӨ-сі бойынша цифрлар әлі шыға қоймайды, бірақ 2022 жылдың қортындысы бойынша экономикалық жағынан Қазақстан ТМД-дағы ең мықты мемлекетке айналуы мүмкін.

Айбар Олжаев

Abai.kz

 

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1493
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3262
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5587