Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3330 3 пікір 7 Наурыз, 2022 сағат 12:27

Сайланған әкім - күшті, тағайындалған әкім - әлсіз!

Әкімдер сайлану керек. Олар сайланбаса халық бақытты бола алмайды, себебі тағайындалған әкімдер халықтың қамын ешқашан ойламайды. Тағайындалған әкімдер тек қана оларды тағайындаған бастықтарының сөзін сөйлейді. Сайланған әкім күшті әкім, тағайындалған әкім әлсіз әкім.
Кей азаматтар анау 30 жыл бойы билік сайрайтын әнін әлі де сайрап тұр. Сайланған әкімдер міндетті түрде сепаратизм пиғылын бастайды, деп. Оған төтеп беретін тәсілдер ол біріншіден Қылмыстық кодекс, екіншіден сайланатын әкімдер мемлекеттік тілінен емтихан тапсырсын, президент құсап.

Не деген қорқақтық ұстаным. Сепаратизмнен қорықсақ, онда еркін сайлаудан мүлдем бас тартайық? Мәжіліс те, президент те сайланбасын онда. Бір адамның диктатурасы жалғастыра берсін?!

Еліміздің Құдайға шүкір 80% құрып отырмыз, егер билік сайланатын болса, керісінше халықтың билікке ықпалы күшейеді, нәтижесінде мемлекеттің тұтастығы да күшейеді. Украинаға қараңдар, сайланған әкімдер сепаратизмге қарсы қолдарына қару алып халықпен бірге тұр. Ал бізде тағайындалған әкімдер халықтан қашып жүр.

Қорқақ болмайық, ағайын! Өзімізге сенімді болатын кез келді. Еліміздің тұтастығын ұстауға күшіміз жетерлік. Халық өз әкімдерін сайлау қажет, сонда ғана әкімдер халықты тыңдай бастайды. Ол еліміздің дамуының басты шарты деп білем!

Мұхтар Тайжан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5141