Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3758 9 пікір 10 Наурыз, 2022 сағат 14:14

Ресей нарығынан кімдер кетті? (Тізім)

Ресей билігінің «арнайы әскери операция» деген желеумен Украина территориясына жасаған басқыншылық шабуылын әлем жұрты айыптап, АҚШ пен Батыс бастап, өзгелері қоштап, санкцияның төпесіне алуда.

Күні бүгінге дейін әлемдік брендтер бірінің ізін ала екіншісі Ресей нарығынан толықтай немесе уақытша кететінін мәлімдеп жатыр. Олардың саны 200-ден асып жығылған және Ресей нарығының есігін жапқан ірілі-ұсақты компаниялар қатары күн сайын көбейіп келеді. Солардың бірпысырасын біз тізімдеп көрдік. Қараңыз:

Тауарлар

ASOS – клиенттердің тапсырыстарын өңдемейді,

Apple Store – онлайн-дүкендері жабылды,

Burberry – интернет-дүкені жұмысын тоқтатты,

Dell – құрылғыларын сатуды тоқтата тұрады,

Diageo (Smirnoff, Guinness және т. б.) – тауар жеткізуді тоқтатты,

IHerb – жұмысын тәмамдады,

IKEA – Ресей аумағында жұымс істемейді,

Farfetch – тауар жеткізуді тоқтатты,

HP – құрылғыларды сатуды тоқтата тұрмақ,

H&M (COS, Monk және т. б.) – сауданы тоқтата тұрмақшы,

LEGO – Ресейге тауар өнімдерін әкелмейді,

Mango – саудасын тоқтата тұрды,

Mytheresa – ешбір тауарын Ресейге жеткізбейді,

Nike – онлайн-дүкендері жабылды,

Pernod Ricard (Chivas Regal, Jameson және т. б.) – жеткізілімдерді тоқтатты,

Plzensky Prazdroj, Staropramen, Budejovicky Budvar – тауар жеткізуді тоқтатты,

Reserved – интернет-дүкенінің жұмысын тоқтатты,

Canon – интернет-дүкені Ресей нарығынан кетеді,

Coca Cola – Ресей нарығынан кетеді,

Danone – «Простоквашино» еншілес компаниясымен бірге нарықтан шықты,

Diageo-Johnnie Walker, Капитан Морган, Гиннесс, Smirnoff, Baileys, White Horse және Diageo сияқты брендтерді Ресейге тауар экспорттауды тоқтатады,

Heineken Нидерланды концерні – Ресейге сыра экспортын, сондай-ақ, елдегі жаңа инвестициялық жобаларды тоқтатады,

Hermes Француз сән үйінің – бутиктері жабылды,

Inditex сән индустриясындағы ең ірі әлемдік дистрибьюторлық топтардың бірі (Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti, Bershka, Stradivarius, Oysho, Zara Home және Uterqüe брендтері) – нарықтан шығады,

Karl Lagerfeld – киім, аяқ киім және аксессуарларды сататын сәнді бренд тауар жеткізуді тоқтатты,

Kering бірқатар сәнді брендтерді, атап айтқанда Gucci, Balenciaga және Yves Saint Laurent біріктіретін топ – Ресейдегі барлық дүкендердің жабылатынын жариялады,

PVH-Tommy Hilfiger, Calvin Klein және басқа брендтерден тұратын американдық корпорация –Ресей мен Беларуссиядағы дүкендерін жабады,

Әлемдегі құрылыс техникасының ірі өндірушілерінің бірі жапондық Komatsu компаниясы –тауар жеткізуді тоқтатады,

L'oreal – Ресей Федерациясындағы дүкендер мен интернет-дүкендерін жабады,

Prada – Ресей нарығынан кетті,

Marks&Spencer – Ресейге жеткізуді тоқтатады,

Metro – 10 мың қызметкерді жұмыстан шығарды,

Nestle – Ресейдегі барлық 6 зауытты жауып жатыр,

Procter&Gamble – тұрмыстық химия өнімін шығаратын алпауыты сатылатын тауарлардың тізімін қысқартады,

Starbucks – нарықтан кетті,

PepsiCo – өндірісін тоқтатты.

Ойын-сауық

BBC One –телепродукцияға лицензиясын қайтарып алды,

Канн фестивалі – делегацияны қабылдаудан бас тартты,

MEGOGO – жұмысты тоқтатты,

Netflix – Ресейлік жобалармен жұмысты тоқтатты,

Paramount – фильмдерін Ресейге прокатқа шығармайды,

Sony – фильмдерін прокатқа шығармайды,

Spotify – кеңсесін жапты,

Warner Bros – фильмдері көрсетілмейді,

Walt Disney Company – фильмдері көрсетілмейді,

Nintendo – рубльмен сатып алуға тыйым салды,

Play Station – төлем жасалмайды.

Онлайн қызметтер

Ableton – сауданы тоқтатты,

Cinema 4D – лицензияларын жойды,

Jooble – тоқтады,

Nintendo eShop – рубль карталарынан төлем қабылдамайды,

Paysera – жұмысын істемейді,

PlayStation Store – рубль карталарынан төлем қабылдамайды,

Steam – рубль карталарынан төлем алмайды,

Twitter – жұмысын тоқтатты,

Facebook – РФ қатысты БАҚ барлық аккаунттарын бандайды,

YouTube – РФ аумағындағы жүздеген канал блокталады және олардың монетизациялары тоқтатылады,

Zoom – БЖ жасақтауға лицензиясын қайтарып алады,

TikTok – агрессивті пайдаланушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарын жаппай бұғаттай бастады,

Snapchat – Ресей мен Беларусь үшін қосымшаны бұғаттады,

Coursera – білім беру платформасы Ресейде қызметін тоқтатады,

EBay – 3 наурызда Ресейге тапсырыстарды жеткізуді тоқтатты,

EPAM – Ресейлік кеңсені жабады, Ресейлік клиенттерге қызмет көрсетуді тоқтатады,

Etsy – Ресейліктердің шоттарындағы барлық балансты бұғаттады,

Instagram – үгіт-насихатты бұғаттайды,

LinkedIn – жақын күндері бұғатталады.

Көлік және қосалқы бөлшектер

Airbus – сату және техникалық қызмет көрсетуді тоқтата тұрады,

BMW – зауыттары жабылды,

Boeing – сату және техникалық қызмет көрсетуді тоқтатты,

Ford – қызмет көрсетпейді,

General Motors (Chevrolet, Nexia, Cadillac, Escalade) – экспортты тоқтата тұруға шешім қабылдады,

Harley Davidson – жеткізуді тоқтатты,

Honda – жеткізілмейді,

Hyundai – өндірісті тоқтатты,

Jaguar Land Rover – жеткізілмейді,

Mazda – енді әкелінбейді,

Mercedes-Benz – өндіріс пен жеткізуді тоқтатты,

Porsche – жеткізілмейді,

Renault – өндіріс тоқтады,

Scania – бизнес жабылды,

Toyota (соның ішінде Lexus) – өндіріс пен жеткізілімге тиым салды,

Volkswagen (Audi, Bentley, Ducati, Lamborghini, Skoda, Volkswagen) – әкелінбейді,

Volvo Cars – бизнесті жапты,

Rolls-Royce – нарықтан кетті,

Bombardier – теміржол және әуе көлігінің ірі өндірушілерінің бірі РФ нарығынан кетеді,

Dassault-Falcon – джеттерін Ресейге жеткізуді тоқтатады,

Embraer – Бразилиялық авиациялық конгломерат Ресейге ұшақтарына қосалқы бөлшектер беруді тоқтатады. Ресей Федерациясында мұндай 15 ұшақ бар, оларды S7 авиакомпаниясы ішкі маршруттарда қолданады.

Jaguar – нарықтан шықты,

Mitsubishi – 141 қызмет көрсету орталығының қызметкерлерін жұмыстан босатты,

Škoda – Ресейдегі қызметін тоқтатады,

Ferrari – сәнді спорттық автомобильдер шығаратын итальяндық компания Ресей Федерациясы үшін көлік құралдарын өндіруді тоқтатады,

SHERP – жер үсті көліктеріне қосалқы бөлшектер шығаруды тоқтатады.

Төлем жүйелері

American Express – тоқтады,

Apple Pay – санкцияларға ұшыраған банктерде бұғатталды,

Google Pay – санкцияларға ілінген банктерде бұғатталды,

MasterCard – санкцияларға ұшыраған банктерге жаңа карталар шығаруға тыйым салды,

PayPal – жаңа пайдаланушыларды тіркеуге тыйым салды,

Samsung pay – санкцияларға салынған банктерде бұғатталды,

SWIFT – 12 наурызда Еуропалық санкцияларға ұшыраған банктерді шығарады,

Visa – санкция қойылған банктерге жаңа карталар шығаруға тыйым салды,

Western Union – санкцияға ұшыраған банктермен жұмысын тоқтатты,

Depositphotos – халықаралық фотобанк Ресей мен Беларуссиядан келген клиенттерге сатылымдар мен қызметтерге қол жетімділікті жапты,

Webmoney – транзакцияларға тыйым салды.

Спорт саласы

Баскетбол Еуролигасы – барлық Ресейлік клубтарды турнирлерден шеттетті,

Халықаралық баскетбол федерациясы – ұлттық құраманың турнирлерге қатысуына тыйым салды,

Халықаралық волейбол федерациясы –  «Әлем чемпионатын -2022-ны» ауыстырды,

Халықаралық хоккей федерациясы – Ресейдің хоккей құрамасын халықаралық матчтардан шеттетті,

Ұлттық хоккей лигасы – Ресеймен іскерлік қатынастарды үзді,

Adidas – Ресей футбол одағымен жұмыс істеуден бас тартты,

FIFA және UEFA – футбол құрамасын және барлық клубтарды турнирлерден шеттетті,

Formula 1 – Сочидегі Гран При-ден бас тартты.

Технологиялар

Ericsson – нарықтан шығады,

Adobe – толығымен бұғатталды,

Bosch – Ресейде өндірісті 16 наурыздан тоқтатады,

Nokia – өнім жеткізуді тоқтатты,

OneWeb – Байқоңырдан спутниктерді ұшырудан бас тартты,

Oracle – бизнесті тоқтатты,

SAP – бизнесін жапты,

Lenovo – нарықтан шықты,

Mobile World Congress – Ресейден келген делегацияны қабылдаудан бас тартты,

Panasonic – Ресеймен сауда операцияларын тоқтатады,

Еуропалық ядролық зерттеу ұйымы CERN – Ресеймен ынтымақтастықты тоқтата тұруға шешім қабылдады,

IBM – компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің барлық түрлерінің әлемдегі ең ірі өндірушілерінің бірі нарықтан кетті.

Қызметтер

CMA-CGM – тасымалдаудан  бас тартты,

DHL – нарықтан шығады,

FedEx – тасымалдауды тоқтатты,

Mediterranean Shipping Company – қызмет көрсетуге берілген өтініштерден бас тартты,

Маегѕк – тасымалға тыйым салды,

UPS – жіберлімдерді орындамайды,

Cisco компаниясы – желілік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушісі Ресей мен Белоруссиядағы қызметін тоқтатты,

Intel – Ресей мен Беларуссияға барлық өнімдерді жеткізуді тоқтатты,

KPMG – аудиторлық компания Ресей мен Беларусьтегі өзінің кәсіпорындарымен байланысты үзді,

Moody's – 5 наурыздағы Халықаралық рейтинг агенттігі Ресейдегі коммерциялық қызметін тоқтатты,

PwC – аудиторлық компания Ресей мен Беларусьтегі кәсіпорындарымен байланысты үзді.

Өнеркәсіп

BASF – гуманитарлық саладан басқа жаңа жобалардан бас тартты,

Paulig – фин кофе өндірушісі Ресейде жұмысын тоқтатады,

Valio – фин сүт өндіруші Ресей Федерациясынан кетеді,

Shell – «Газпроммен» келісімшартын бұзды.

Айжан Темірхан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588