Коммунисттің қолымен от көсеп отырған кім?
Қазақ жерінің тұтастығын бөлшектеуді көздеп, елімізде бейбіт қатар өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің арасына сына қағып сөйлеген Зюгановтың сөзі осыдан екі ай бұрын таспаға тартылып қойған көрінеді.
Бірақ, бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап үлгермеген. Ресейдің еш бір арнасынан көрсетілмеген. Басылым беттерінде де жарияланбаған. Қазақстан «қаңтар қасыретіне» ұшырап, бауырын мұзға төсеп жатқан кезде отқа май құя түскісі келген шовинист-коммунистің әлгіндей сөз айтуында не гәп бар?
1. Қаңтар көтерілісінен көптің көңілін басқа жаққа аударып әкету үшін біреулер Зюгановқа «осылай айт» деп тапсырыс берген.
2. Зюганов Қазақстан тарапынан (әлдекімдерден) үнемі мол қаржы алып, Қазақстанға қоқан-лоққы көрсетіп сөйлеуді әдет қылған.
3. Зюгановтың аузына Кремль сөз салып беріп отыр.
4. Бұл – шовинист-коммунисттің кезекті сандырағы.
Қысқасы, кәрі коммунисттің қолымен от көсеп, оның аузына сөз салып беріп отырған кім? Ойланайық...
Abai.kz