Сәләфиттердің айылын тиып, телеарналарды тазартайық!
Сәләфиттер мен ашық күресіп жүрген мені құдай қаққан екен!
“Өзімді батыр “,-деп айтуға тіпті ұялып отырмын!
Бұл надандар менің ауызымды жабу үшін не істемеді?
Журналистерді жалдап, түрмеге қаматпақшы да болды ғой!
Сонда да болашақ жастар үшін күрестім, бұлардың халифат құрып бір күні билікке келетінін де ашық айтуды тоқтатпадым!
Бірақ ҰҚК нің экс басшылары сәләфиттердің қолдаушылары болып шығады деп кім ойлаған?!
Сәләфиттердің талтаңдап, сеніп жүргендері осылар екен ғой?!
Экс ҰҚК төрағасына жазған арыздарыма “неге жауап жоқ”, деп ойлайтын едім, енді түсінікті болды!
Олар өздерінің жихадқа дайындаған шәкірттерін қамай алмаған екен!
Егер заң үстем болып, ҰҚК жұмыс істесе, террористтің постын бөлісіп оны насихаттаған Мұхамеджан Тазабек сол кезде бірден қылмыстық жауапкершілікке тартылар еді!
Әйтпесе білместікпен жәй ғана лайк басқан жігіттер қамалып кетті ғой Дарын, Тазабектерді тыңдап жүрген!
“Он жыл бұрын адасып кіріп кетіппін” деген Тазабектің өзі қаншама жастарды “Меккеге апарып жатырмын” деп миын улап келді емес пе?!
Қазақтың біраз сері жігіттерін, қыздардың ауын түгендейтін ез жігіттерге айналдырғаны үшін де халықтың алдында жауап беру керек!
Мен Тазабектің көзқарасы, сенімі өзгергеніне сенбеймін!
Себебі қазақтың салт- дәстүрін ашық түрде делебесі қозып тұрып насихаттап жүргенін көріп отырғаным жоқ!
Есесіне Ақ Орданың жан жағын тіміскіленіп, кімнің артына көпшік қойып, кіріп алсам болады?!-, деп жағымпазданып жүргенін көріп отырмын!
ҰҚК басшысы Ермек Алдабергенұлы дәл қәзір ел алдында жүрген экс сәләфиттердің айылын тисын!
Телеарналарға шығуын тоқтатсын!
Ақшаның құлы болып, отанына опасыздық жасайтындарды осы бастан тазартайық!
Еліміздің осыншалықты былыққа батып кері кетуіне осы сәләфиттер тікелей кінәлі!
Жағымпаздық, надандық, білім ғылымға емес қараңғылық көз қараспен тек әйелдермен арпалысып келді!
Бұларға халықтың көзі ашылғаны керек емес еді, бұларға халықтың қараңғы тобыр болғаны керек болды!
Өйткені “тобырды” басқаруға оңай!
Олар өз қатарларына Елдің алдында жүрген біраз бетке тұтар жұлдыздарды да кіргізіп алды!
Ақшаның күшімен, ат шапан жауып біразын өз қатарларына қосты, енді ҰҚК осының бәрін тазаласын!
Елдің болашағы үшін нақты істерге көшетін уақыт келді!
Әлеуметтік желігі, телеарналарға өздерінің сенімін ашық насихаттауға тиым салынсын!
Айгүл Орынбек
Abai.kz