Жексенбі, 24 Қараша 2024
Анық-қанығы 3154 11 пікір 14 Наурыз, 2022 сағат 08:59

Қайрат Сатыбалды не үшін тұтқындалды?

Кеше, 13 наурыз күні ҚР Жемұорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны тұтқындады.

Анкордың айтуынша, Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» АҚ-ның қомақты қаржысын қолды қылды  және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Ол қазір уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Ресми ақпаратта: «Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Қазақтелеком» АҚ-ның қомақты қаржысын жымқыру және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Аталған қылмыстарды жүзеге асырды деген күдікпен Қайрат Сатабалдыұлы ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды», - делінген.

Ведомствоның ақпаратынша, Сатыбалдының басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін. Соның ішінде, Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру ісіне қатыстылығы да тексерілуде. «Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», - делінген.

Қайрат Сатыбалды 1970 жылы туған. Әр жылдары түрлі лауазымды қызметтердің басшылығында болды. Соның ішінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, биліктегі бұрынғы «Нұр Отан» партиясының хатшылығында, бизнесте басшылық жасады. 2000 жылдары Астана қаласы (қазіргі – Нұр-Сұлтан) әкімінің орынбасары болды. «KazakhOil» компаниясының вице-президенті, «Қазақстан темір жолы» компаниясының бірінші вице-президенті болған.

Ол 2018 жылы Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кірген («Forbes» журналының рейтингі). Оның есімі бірнеше мәрте офшор құжаттарында аталған.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608