Жексенбі, 24 Қараша 2024
1752 1 пікір 17 Наурыз, 2022 сағат 14:40

АҚШ Украинаға 13,6 миллиард доллар көмек береді

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 13,6 миллиард доллардың әскери, гуманитарлық және экономикалық көмегін беру жөніндегі заңға қол қойды.

Байденнің мәлімдеуінше, осы заң арқылы Ақ үй "демократтар мен республикашылдар бірге жұмыс істей алатынын" америкалықтарға дәлелдегісі келеді.

АҚШ президентінің айтуынша, Ресейдің басқыншылығы бүкіл Америкадағы адамдарды біріктірді: "Конгрестегі қос партияны біріктірді, еркіндік сүйгіш әлемнің басын қосты".

Қаражат Украина Қарулы күштерін қолдауға бөлінді, оның бір бөлігі азаматтарға, соның ішінде 1.5 миллион босқынға гуманитарлық көмек болады.

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси 9 наурызда, заң жобасын дауысқа салған уақытта, бұл ақша алда әлі бөліне беретін қомақты қаражаттың бір бумасы ғана деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627